Жақында іссапармен кеншілер қаласы Зырянда болғанымызда аудан әкімі Ермак Сәлімов металлургтердің Мәдениет сарайында ашылған жаттығу залына ертіп келді. Бір бұрышта ауыр атлетикамен шұғылданатындар ақ тер, көк тер болып жаттығып жатса, атшаптырым залда кеншілер арнайы жабдықтармен дене қимылдарын жасауда.

– «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала тұрғындарына керемет сый жасады. Облыс әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС-ы арасында жасалған меморандумға сәйкес жаттығу залын пайдалануға берді. Оны жабдықтауға және қажетті қондырғыларды сатып алуға 10 миллион теңге қаржы бөлді. «Казцинк» серіктестігінің әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті Андрей Лазарев мұның алдында Риддер қаласында көпшіліктің саламатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуына 10 миллион теңге қаржы бөліп, жаңа жаттығу алаңын пайдалануға жағдай жасаған. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында адамдардың бұқаралық спортпен айналысып, денсаулықтарын түзеуге көңіл бөлулері жайлы айтылған. Шағын қалалар тізіміне енген Зырян мен Риддердің экономикасы дамып келеді. «Казцинкке» қарасты екі қаладағы кәсіпорында бүгінгі таңда бірнеше мың адам еңбек етеді, – дейді Зырян ауданының әкімі Ермак Бидахметұлы.
– Облыс әкімдігімен жасасқан меморандумға сәйкес біз қаланың дәрігерлік мекемелеріне, «Жедел жәрдем» бөлімшесі мен құрт ауруы диспансеріне, шайбалы хоккей модулына қолғабыс жасауға тиіс болатынбыз. «Казцинк» ЖШС-нің басшылары берген серттеріне берік, алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына қатысып, өлкенің өркендеуіне үлес қоса береді, – дейді «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті Андрей Павлович Лазарев.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.