Қошанкөл ауылында дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына өз есігін айқара ашты.
– Жаңа амбулаторияның ашылуы – елімізде «Саламатты Қазақстан-2015» бағдарламасының ауылдық жерлерде де іске асырылып жатқанының бір айғағы. Бұдан былай ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасының жақсара түсетініне сенімдіміз, – деді жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Жаңадан ашылған амбулаторияны Ахметқайыр Қарағойшин басқаратын «Жиенбай» ЖШС-ы аз мерзімде салып берді. Мұнда балалар, гинекология, фтизотерапия, тіс, лаборатория кабинеттері бар.
Жаңадан ашылған амбулаторияның кілтін жақында ғана меңгерушісі болып тағайындалған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша Қошанкөлге келген жас дәрігер Альбина Әйтімова қабылдап алды.
Бұл күні қошанкөлдік тұрғындардың қуанышында шек болған жоқ. Себебі, енді олар ауырып-сырқағанда ат сабылтып аудан орталығына барып жүрмейтін болды.
Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.