• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Парламенттің дипломатиялық әлеуеті зор

260 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатында «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары және перспективалары» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің Парламенттегі өкілдіктерінің басшылары, еліміздің Сыртқы істер министрі, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеше Парламент Сенатында «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары және перспективалары» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің Парламенттегі өкілдіктерінің басшылары, еліміздің Сыртқы істер министрі, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Үкімет сағатын Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов ашты. Төраға орынбасары өз сөзінде Қазақстанның сыртқы саясаты әлемдік қоғамдастықпен достық және өзара тиімді қатынастарды нығайтуға бағытталғанын атап көрсетті. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Сыртқы саясат мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, сондықтан Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен Үкімет сағатын өткізу жайында бастама көтерген болатын, деді ол.

Жиынға қатысушылар алдында негізгі баяндаманы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жасады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгілеп берген міндеттерді іске асыру аясында сыртқы саяси қызметтің бұдан былайғы негізгі басымдықтарына тоқталды. Е.Ыдырысов Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық ұйымдар және ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында белсенді жұмыстарды жалғастыра беруге ниеттеніп отырғанын атап өтті. «Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Қауіпсіздік мәселелерінде Қазақстан рөлінің нығая түсуі, бірінші кезекте Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан жекелеген халықаралық жағдайлар бойынша сындарлы ұсыныстарға байланысты болып отыр. Олардың көбі бүгінгі таңда әлемдік саясатта жүзеге асуда және біздің бұл үшін ерекше жауапты екеніміз айқын. Сонымен қатар, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты ұйымдар шеңберінде де үлкен жұмыс атқарды және бұл жұмысты жалғастыра береміз», деді баяндамашы.

Сондай-ақ, министр өз сөзінде елдің экономикалық әлеуетінің арта түсуі, экономиканың ин­дус­триялық-инновациялық бағдарда болуы және елдің инвестициялық ахуалының жақсаруына байланысты мәселелер бізден «экономикалық дипломатияны» үдете түсуді қажет етеді. Біз Еуропалық Одақпен, Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ ЕурАзЭҚ аясында үйлестіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды ниет етіп отырмыз, деді.

Үкімет сағатында Халық­ара­лық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков те сөз сөйледі. Ол бейбітшілік сүйгіштік әрі сыртқы тепе-теңдік саясаты арқасында Қазақстан халықаралық аренада танылып, әлемнің бірқатар жетекші мемлекеттерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді деп атап өтті.

И.Адырбеков өз сөзінде: «Парламентаралық форумдарда халықаралық күн тәрті­бін­дегі өзекті мәселелерге ортақ көзқарастар қалай тұжырым­далып, парламентшілер арқылы ұлттық мүдделердің қалай ілге­рілетіліп жатқанын көріп отырмыз. Сөз жоқ, парламенттік дипломатияның әлеуеті зор, сондықтан Мемлекет басшысы қойған сыртқы саясат міндеттерін іске асыру үшін оны жандандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек», деді.

Сонымен қатар, И.Адырбеков заң шығару қызметі шеңберінде Парламент пен Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударды. Ол, тұтастай алғанда, еліміздің Парламенті мен сыртқы саясат мекемесі арасында Қазақстанның мүдделерін қорғауға бағытталған сындарлы жұмыс жүргізіліп жатыр, деп сөзін қорытындылады.

Шара барысында Е.Ыдырысов сенаторлардың көптеген сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар