Кеше Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде бос әкімшілік лауазымдарды иелену үшін конкурстық комиссияның ашық отырысы өтті. Конкурстық комиссия бос әкімшілік лауазымдарға 18 үміткермен әңгімелесу өткізді.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жоспарлау және бюджет бөлімі бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас сарапшысы лауазымына 7 үміткердің 6-уы, Инспекция және бақылау бөлімі инспекция секторы инспекторының бас кеңесшісі лауазымына 11 үміткердің 8-і әңгімелесуге қатысты.
Әңгімелесу барысында үміткерлерге 2 кәсіби, 1 жағдайлық және 1 ынталандыру сұрақтары қойылды.
Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылар ретінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
«Егемен-ақпарат».