Мәжіліс депутаттары кешегі болған жалпы отырыста жаңа заң жобаларынан тұратын бірқатар мәселелерді қарастырды. Отырысқа палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко төрағалық етті.
Палатаның заңнама қоржынын Мәжіліс қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылауға тапсырған жаңа құжаттар толықтырды. Сонымен қатар, конституциялық толықтырулар жобасы да жұмысқа алынды.
Мәжіліс депутаттары кешегі болған жалпы отырыста жаңа заң жобаларынан тұратын бірқатар мәселелерді қарастырды. Отырысқа палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко төрағалық етті.
Палатаның заңнама қоржынын Мәжіліс қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылауға тапсырған жаңа құжаттар толықтырды. Сонымен қатар, конституциялық толықтырулар жобасы да жұмысқа алынды.
Бұдан кейін жалпы отырыстың күн тәртібіне сәйкес «2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды. Оған сәйкес Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін импорттық кеден баждарын біржақты тәртіппен қолданудың неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге мүмкіндік беріліп отыр.
Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, егер осындай шаралар тарап мемлекеті экономикасының тиісті саласын дамыту үшін қажетті болып табылса, онда мемлекеттердің бірі неғұрлым жоғары ставканы қолдана алады.
«Үшінші елдерден дәстүрлі импортына елеулі деңгейде тәуелді және Кеден одағында осы немесе ұқсас тауарлар өндірісі есебінен қанағаттандыруы мүмкін емес ішкі нарықтағы тауарлардың аса тапшылығы жағдайында тараптардың бірі неғұрлым төмен ставканы қолдануды ұсынуы мүмкін», деді министр өз сөзінде. Оның айтуынша, мұндай жоғары немесе төмен ставкаларды қолдану мерзімі 2008 жылғы хаттамаға сәйкес 6 айдан аспайды, дегенмен, осы өзгерістерді енгізуде ондай ставкалардың қолдану мерзімін барынша ұзартуға қол жетіп отыр.
Сонымен қатар, өзгерістер енгізу туралы Хаттама 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың нормаларын негізгі Хаттамадағы нормаларға сәйкес келтіруді, атап айтқанда, Кеден одағы комиссиясын тарату және Еуразиялық экономикалық комиссиясына уәкілеттікті беруді қарастырады. Заң жобасын қабылдау сауда саясаты саласындағы, нақтылай түссек, Кеден одағында айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану саласындағы мәселелерді заңнамалық реттеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Келісімге 2010 жылдың 15 сәуірінде Душанбе қаласында қол қойылған. Оған сәйкес Қазақстан Тәжікстанға патрондар, қол гранаталары, қару майы секілді әскери құралдарды өтеусіз беру бойынша әскери-техникалық көмек көрсетеді. Мұндай әскери мүлікті Қазақстаннан Душанбе қаласына дейін жеткізіп беру Қазақстан Қарулы Күштерінің әуе кемесімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, келісімге сәйкес Тәжікстан Қазақстаннан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бере алмайды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».