• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Елбасы саясаты үшін алғыс

410 рет
көрсетілді

*Президент поштасынан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбек драма театры ұжымынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

*Президент поштасынан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбек драма театры ұжымынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында ұжым мүшелері тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – тұрақтылық пен қарқынды дамуды қамтамасыз ету табысты орындалғанын атап өткен.

Авторлар бүгінде барша қазақстандық­тар­дың топтасқа­нына және қуатты қоғамды қа­лыптастыруға елеулі үлестерін қосып келе жатқанына тоқталған.

«10 жыл бұрын, 22 қазанда, Сіз Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданына арнайы келіп, облыстық Өзбек драма театрын аштыңыз. Биыл осы айтулы датаны атап өтпекпіз», – делінген хатта.

Сондай-ақ, театр ұжымы өткен 10 жылда театр сахнасында елуден астам қойылым қойылып, оған мыңдаған адам қатысқанын атап көрсеткен. Осы орайда олардың арасында этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған пьесалар маңызды орын алады.

Хат соңында авторлар Мемле­кет басшысына елімізде жүргізіліп отырған этносаралық татулық пен келісімді қолдауға бағытталған сая­сат үшін алғыстарын білдірген.

Соңғы жаңалықтар