• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Шілде, 2020

42 500 теңге кімдерге берілмейді?

1466 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан төлем алып жүргендер 42 500 теңге алмайды. Олар бейресми жұмыс істеп жүргендер қатарына жатпайды. Олар ресми жұмыс істеп жүрсе, олар үшін жұмыс беруші өтініш бере алады. Ресми жеке кәсіпкерлігі болса, жеке кәсіпкер ретінде де өтініш беруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде бірыңғай жиынтық төлем төлеп, миллиондаған адамдар өзінің бейресми жұмыс істегенін растады. Біз олармен хабарласып, 70 мыңға жуығын жұмыспен қамту шараларына тартқан болатынбыз. Егер де ол азаматтар қазір жұмыс істеп жатса, әрине олар бұл жолы 42 500 теңгені ала алмайды", - деді ол.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алуға өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын айтты.