17 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілермен кеңес өтеді. Іс-шарада «А» басқарушы корпусына өткізілген іріктеу қорытындысы шығарылып, меритократия, ашықтық және қоғамға есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметті одан әрі жаңғырту жөнінде тапсырма беріледі.
18 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді. Съезд барысында партияның жаңа Саяси доктринасы талқыланып, қабылданады, сондай-ақ «Нұр Отанның» «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы бірінші кезектегі міндеттері қаралатын болады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.