Облыс орталығындағы жалғыз коммуналдық базар бұдан бұрын да бір рет өртенген еді. Ал, бұл жолғы өрт облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, бүгін, 16 шілдеде сағат 14:52-де басталыпты.
"Сарайшық" коммуналдық базары Нұрсая ықшамауданындағы К.Мәденов көшесінің 1«А» мекенжайында орналасқан. Базар ішіндегі 50 шаршы метрлік 3 азық-түлік дүңгіршегінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Жалын сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толықтай сөндірілді" -деп хабарлады баспасөз қызметінен.