Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутаттың сөзінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзит көлемі 36,9 млн тоннаға жеткен.
Қазақстанның халықаралық транзит саласында айтарлықтай өсу әлеуеті бар. Қазіргі уақытта біз жаһандық тасымалдаудан миллиардтаған доллар жоғалтып жатырмыз. Біздің еліміз халықаралық транзит үшін жай ғана «дәліз» болып қалдыруға болмайды. Біздің стратегиялық міндет – «дәлізге өндіріс, цифрлық сервистер және экспортты қосып» қосымша құнды қалыптастыру моделіне көшу болу керек. Бұл тәсіл еліміздің табысын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді», деді Ә.Мүтәлі.
Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан Smart Cargo, логистикалық паспорт, қағазсыз құжат айналымы секілді жобалардың бір-бірімен толық интеграцияланбаған. Осыған байланысты депутат индустриялық-логистикалық хабтардың бірыңғай экожүйесін қалыптастыруды ұсынды.
«Халықаралық тәжірибе бәсекеге қабілеттілік транзитпен емес, оның айналасындағы қосылған құнды қалыптастырумен қамтамасыз етілетінін растап отыр. Мысалы, Джебель-Али порты (БАӘ), Туас порты (Сингапур) және Дуйсбург порты (Германия) индустриялық-логистикалық экожүйе ретінде жұмыс істейді, мұнда жүктерді өңдеу, жинау, қаптау, таңбалау, сертификаттау, олардың сервисі мен кері экспорты жүзеге асырылады», деді депутат.
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
Бұдан бөлек ол көлік-логистикалық саланы үйлестіретін бірыңғай орталық құруды ұсынды.