• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 10:19

ФИФА Әлем чемпионатынан қанша табыс табады?

Халықаралық футбол федерациясы FIFA 2026 биылғы Әлем чемпионатын ұйымдастыру арқылы 6 млрд доллардан астам табыс таппақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Finance Football аналитикалық компаниясының мәліметінше, турнирдің негізгі табыс көзі телетрансляциялар құқығын сатудан түспек. Осы арқылы ұйым шамамен 3,8 млрд доллар табыс табады деп болжанып отыр. Сонымен қатар жарнамалық келісімдер мен демеушілік серіктестіктер арқылы тағы 2,4 млрд доллар көлемінде кіріс түседі.

ФИФА-ның ең ірі серіктестерінің бірі – Сауд Арабиясының Saudi Aramco мұнай компаниясы. Компания ұйымға жыл сайын шамамен 100 млн доллар төлейді. Сондай-ақ ең табысты демеушілер қатарында Adidas, Coca-Cola, Visa және Hyundai/Kia компаниялары бар. Әрқайсысы ФИФА-ға жылына 80-120 млн доллар аралығында табыс алып келеді.

Әр құрамаға кемі 5,9 млрд теңгеден: ФИФА Әлем чемпионатының жүлде қорын рекордтық деңгейге көтерді

Айта кетейік, бүгін Әлем чемпионатының алғашқы ашылу рәсімі Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өтеді. Жалпы мундиальдің ашылу салтанатын үш елде өткізу жоспарланған. Ертең 12 маусымда ашылу салтанаты Канаданың Торонто қаласындағы BMO Field стадионында өтсе, 13 маусымда үшінші ашылу салтанаты ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар елдің футболшылары, төрешілері мен делегация мүшелері АҚШ аумағына кіру кезінде түрлі кедергілерге тап болған еді. Мәселен Африканың үздік төрешілерінің бірі саналатын сомалилік Омар Артан дипломатиялық төлқұжаты бола тұра АҚШ-қа кіре алмаған. Сондай-ақ Иран құрамасының 15 қызметкеріне америкалық виза берілмеген. Соның салдарынан команда дайындық базасын Мексикада орналастыруға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар