• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Үкімет халық табысын арттыруға арналған кешенді жоспарды бекітті

Қазақстанда «2026-2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтыған құжат азаматтардың әл-ауқатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған.

«Жаңа жоспар 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның орнын алмастырады. Құжатта экономиканың сын-қатерлерін, адами капиталды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттерді де ескереді. Өңірлік нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тетігін күшейту үшін әкімдіктер халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі», деді Азамат Әмрин.

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылатындығын атап өткен болатын. Осы бағытта жуырда өткен Үкімет отырысында экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қаралды.

Соңғы жаңалықтар