Омбы облысының тұрғыны өз итін көшеде тұрған құбырдан үйіне су тасытып үйретті. Бұл туралы Lifenews.ru хабарлады.
Иесінің айтуы бойынша, Лимон атты ит он бір айлық кезінен су тасуға қызыға бастаған екен. Ол ауладағы шелекті тісімен қысып алып, күнде иесімен бірге суға барады. Ал қазір екі жасар Лимонның өз шелегі бар. Ол өз бетімен шүмекті басып, шелекке су толтырып үйіне келеді. Сондай-ақ ақылды ит монша мен үйге отын тасуға да көмектеседі. Иесі оның өте еңбекқор екенін айтып қуанады.
Айдар Өрісбаев.