• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2020

Ауруханаға матрас сыйлады

222 рет
көрсетілді

Ел өміріне ауыртпалық болып киліккен коронавирус індетіне қарсы күресте еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қолдау аясында Jas Otan жастар қанаты Ақтау қаласында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын ұйымдастырды.

Әрбір пакетте дәрігерлерге ар­налған жеміс-жидектер, тәтті­лер мен сүт өнімдері са­лынған. Волон­тердің айтуынша, бұл акция еліміздің бар­лық өңірінде жалғасын табуда.

– Бүгінде Ақтау қаласында коронавирус инфекциясына қарсы дәрігерлер күн мен түн демей да­мыл­сыз еңбек етуде. Ақтау қаласы бойынша 6 қонақүйге орналастырылған дәрігерлерге, мейірбикелерге күнбе-күн об­лы­с­тық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Jas Otan ЖҚ бел­сенділері мен волонтерлер жеміс-жидектер, сүт өнімдері, түрлі тәт­тілерді әкеліп, үлестіріп жүрміз. Бас­ты мақсатымыз – дәрігерлерге алғыс айтып, қиын уақытта қолдау білдіру. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін, – деді филиал төрағасы Наурыз­бек Мағдатов.

Жақсы жұмыс жалғасын тауып, арада бір күн өткенде Jas Otan белсенділері көпбейінді про­ви­зорлық стационарға 35­ дана матрас жеткізді. Қа­зір Маң­­ғыс­тау облыстық ауру­­­ханасы көпбейінді про­ви­зор­­лық ста­ционарға ауыс­ты­рылды.­ Нау­қастардың көп­­теп тү­суіне байланысты ауыр нау­қастарға ар­налған мат­рас жетіспеушілігі бай­қал­ды. Осыған байланысты жас­­отандықтар қолдауымен, демеу­­шілер көмегімен волонтерлер матрастарды сатып алып, ауруханаға табыс етті.

– Біз демеушілердің арқа­сында 35 матрас сатып алып, көпсалалы провизорлық ста­ционарға жеткіздік. Бұған дейін аурухана басшылығы матрастар мен төсек-орын тап­­шылығы туралы мәселені айтқан болатын. Сон­дықтан келесі аптадан бастап төсек-орын тігу бойынша жаңа акцияны іске қосуды шештік. Бірлескен күш-жігерімізді пайдаланып, қоғамға үлес қоссақ дейміз – деді Н.Мағдатов.

«Қазіргі жағдайға байла­ныс­ты барша қайырымды жандар бір кісідей атсалысып жатыр. Осыдан 4-5 күн бұрын облыстық Jas Otan жастар қанатының төрағасы хабарласып, қандай қажетті құ­рал­­дар керек екенін сұраған. Реа­нимациядағы науқастарға матрас­тар керек екенін айтып едім. Жұмыла тірлік қылсақ қиындықты еңсеріп, қауіптен тез құтыламыз. Алайда әр адам жауапкершілікті терең сезін­бейінше, қауіп сейіл­мейді. Аурудан сақтанудың жал­­ғыз жолы – оқшаулану, көпшілік ортада маска тағып, антисептикті қорғаныш ретінде пайдалану», деді Маңғыстау облыстық ауру­ханасының бас мейірбикесі Айтбиби Өте­генова.

Көмектің үлкен-кішісі жоқ, сондықтан белсенді жастардың еңбегі – үлкен үлес.

 

Маңғыстау облысы