• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2020

Садақаға қол салған күдікті ұсталды

304 рет
көрсетілді

Түркістан облысында ұялы телефон жөндейтін орталықты тонаған жігіт қолға түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстары барысында жергілікті тұрғында қолға түсірді. Белгілі болғандай, күдікті мас күйде телефон сататын дүкеннің есігін бұзып кіріп, жалпы сомасы 230 мың теңгені құрайтын ұялы байланыс құралдарын жымқырған. Сондай-ақ, қайырымдылық жәшігіндегі 25 мың теңгеге де қол салған. 

Оқиға орын алғаннан кейін жедел іске кіріскен полицейлер жедел іздестіру барысында бұрын соттты болған және бірнеше рет құқықбұзушылық фактілерімен тіркелген жергілікті тұрғынды қолға түсіреді. 

Қазір сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.