Біздің елдегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Латвия Республикасының Елшісі Юрис Погребняксты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
М.Тілеуберді екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолында латыш Елшісінің жемісті істер атқарғанын атап өтті. Оның жарқын куәсі Қазақстан мен Латвия арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар қарқындылығының артуы болып табылады.
Өз кезегінде, Латвия Елшісі Рига үшін Нұр-Сұлтанмен барлық бағыттар бойынша, әсіресе сауда-экономикалық және гуманитарлық салада өзара ынтымақтастықты кеңейту басымдығын жеткізді.