• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2020

Зейнеткерді тонамақ болғандар қолға түсті

123 рет
көрсетілді

СҚО ПД Мамлют аудандық бөліміне 76 жастағы кейуана қайрылып, үйіне мемлекеттік қызметшімін деп алдап кірген екі әйел барлық жинап-терген ақшасы мен алтын заттарын қолды қылғанын айтқан, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қарт әйел аудан орталығы Мамлютканың түбіндегі Покровка селосында тұрады. Келгендер оның жалғызбасты екенін және ақшалы екенін зерттеп алып кірсе керек. Өйткені, қолды болған ақша мен мүліктің сомасы 580 мың теңге деп бағаланған. Әйелдің бағыттауымен полиция қызметкерлері көп кешікпей күдіктілердің ізіне түседі.

Мамлют аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Жеңіс Темірбековтың айтуына қарағанда күдіктілер мінген машина Жамбыл ауданының аумағына қарай жүрген. Көрші аудандағы әріптестерінің көмегімен тоқтатылған машинада отырған екі әйелдің келбеті  шынында күдіктілердің бет-бейнесіне ұқсас болып шыққан. Олар Мамлют ауданының 42 жастағы тұрғыны мен Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында тұрған 48 жастағы бұрын сотталған әйел екен. Тексеру барысында олардан ұрланған заттар табылған.

Қазір күдіктілердің үстінен қылмысты іс қозғалып, екеуі тергеу оқшаулағышына қамалды.  

Солтүстік Қазақстан облысы