Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды. Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.
Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.