"REGNUM" ақпаратына қарағанда ультракүлгін сәуленің вирусты жоятын қабілеті бар, деп хабарлайды Egemen.kz
Милан мемлекеттік университетінің профессоры, иммунолог Марио Клеричи SARS-CОV-2 вирусы қоздырғышының ультракүлгін сәуледен жойылатынын мәлімдеді. Осындай шамдармен жабық және ауасы желдетілмейтін ғимараттар ішін залалсыздандыруға болатынын айтты.
Ғалымдар құрамында вирус бар үлкенді-кішілі су тамшыларын ультракүлгін сәуледен өткізу арқылы осындай ұйғарымға келіпті. Бұл дегеніміз – кәдімгі ультракүлгін шаммен үйдің ішін де вирустан тазалап тұруға болады деген сөз.