• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Шілде, 2020

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

787 рет
көрсетілді

Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі,  - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақтөбе қ.: найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: түнде 22 шілдеде кей уақыттарда найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде 15-18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, 38-40 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22 шілдеде оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

22 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 22 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады.

22 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының орталық және оңтүстік аймағында жоғары төтенше деңгейі сақталады.

Қостанай қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскемен қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22-23 шілдеде

Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

23 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 22 шілдеде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

22 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 39°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. 23-24 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 23-24 шілдеде кей уақытта найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.