• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2020

Павлодарда биыл 80 орман өрті тіркелген

402 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар депаратаментінің басшысы Ернұр Өтегенов онлайн режімде өткен баспасөз-мәслихатында облыс аумағындағы өрттің қазіргі  қауіпті кезеңі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спикер жыл басынан бері облыстың орман қоры аумағында 80 орман өрті болғанын атап өтті.

"Еліміздегі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы Орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 32 өрт болса, ал Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қарамағындағы орман шаруашылықтарында 48 өрт оқиғасы орын алған", деді ол.

Сондай-ақ, облыста құрғақ шөптің жануы көп жанған оқиғасы байқалады. Егер өткен жылы құрғақ шөптің жану оқиғаларының саны 172 жағдай болса, биылғы жылы құрғақ шөптің 219 жану оқиғасы орын алған.

Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында ТЖ департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, жергілікті полиция қызметі, табиғатты қорғау және орман мекемелері мен жергілікті әкімдіктер қызметкерлерінен 21 мобильді топ құрылды.

Осы уақытқа дейін мобильді топтар 240 рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 59 кінәлі адамдарды анықтады.

Оның ішінде  "Әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы" Кодексінің 440-бабы бойынша 51, 336-бабы бойынша 5-еуі және 367-бабы бойынша 3-еуі жауапкершілікке тартылды.

Аудандық және қалалық әкімдіктер ауылдарды, орман алқаптарын және қоқыс тастайтын жерлерді оттан қорғау үшін минералды жолақтар құру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 2679 шақырым минералданған жолақтар құрылды.

Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер аулыдық аумақтарды құрғақ шөптен және қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

 

Павлодар облысы