• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2020

Либералды заңдарды қатаңдатпаса болмайды

432 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған 19 мас жүргізуші сот арқылы жүргізушілік куәлігінен айрылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алайда солардың көбі кезекте рет ұсталғанша рөлге отырып, жүре береді. Бұл біздегі заңның бостығы, соның салдарынан туындаған құқылық нигилизм деген сөз. Бізде заң талабы қатаң болмаса – оны ешкім де сыйламайды.

Сондықтан, мас болғаны үшін жүргізушілік куәлігі ғана алынбай, кем дегенде бір жыл бас бостандығынан айрылса – онда жүргізуші рөлге екінші рет мас болып отырудан қорқар еді. Қорыққан соң заңды сыйлар еді. Біздегі шетелдіктердің либералды заң жобаларын көшіріп алып, парламентке ұсынатын заңгерлеріміз ондайды елемейді. Халықтың менталитеті басқа екенін ұқпайды.

Соның бір мысалы мынадай: Шал ақын ауданының полициясы "МТЗ-82" тракторын айдап келе жатқанда 48 жастағы мас жүргізушіні тоқтатқан. Ол өткен күзде ғана 3 жылға басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Әйтеуір, үлкен апат жасауға үлгермеді.

Осы оқиғадан екі күн өткеннен кейін ғана Жамбыл ауданынының егістіктегі жолында Қостанай облысының 49 жастағы тұрғыны «Volkswagen Caravelle» автокөлігін басқара алмай аударылған. Масаң жүргізуші емделуге жатқызылды. Бұрын ол масаң күйде көлік жүргізгені үшін екі рет жауапқа тартылған. Екінші рет ұсталғанда сот шешімімен 2025 жылға дейін көлік басқаруға тыйым салынған. Ал ол болса жеңіл көлікті зулатып жүре берген...

"Масаң күйде көлік басқару – жолдағы апаттылықтың қаупін тудыратын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылы", дейді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Еңбек Сембин.

Бір сөзбен айтқанда, заң қатаңдатылмаса, зардап шегу азаймайды.

 

Солтүсстік Қазақстан облысы