• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2020

Қостанай облысында орман өрті жиілеп кетті

185 рет
көрсетілді

Апшыны қуырған аптап ыстықтың салдарынан аймақ ормандарында  өрт қаупі күшейіп кетті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, қара орманның қызыл жалынға орануына табиғи құбылыстармен қатар, орманға шығуға шектеу қойылғанына қарамастан қаланың қапырығынан қашып, табиғат аясын саялаған демалушылар да себеп болуда, - деп жазады Egemen.kz

Күні кеше ғана Қарабалық, Науырзым, Әулиекөл және Жітіқара аудандарында жерге түскен жасын сынығынан 5 бірдей орман өрті шығып, абырой болғанда барлығы дер кезінде сөндірілді. Тілсіз жау жалпы ауданы 56,47 га орман алқабын шарпып үлгергенмен, елді мекендерге қауіп төндіре алған жоқ.

"Өрт ошақтарына облыстық төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері мен орман шаруашылығының қызметкерлері шықты. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖҚ 8 қызметкері мен 2 техникасы, орман шаруашылықтары тарапынан 26 техника мен 64 жұмысшы қатысты. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әбжіл қимылының арқасында орманды шарпып енді күшейіп бара жатқан өрт дер кезінде сөндірілді", - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.