"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ күнделікті тұтыну тауарларын алуға "Жақсылық жаршысы" атты республикалық марафонын іске қосты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аталмыш акцияға кез келген адамның қатысуына мүмкіндік бар екені алдын-ала хабарланған болатын. Көмек көрсету қатарына қаржылай көмек, күнделікті тұтыну тауарларын алу немесе қызметтер көрсету саласы және еріктілер қатары болуы мүмкін.
"Жақсылық жаршысы" марафоны 2020 жылдың 21 шілдесінде Нұр-сұлтан қаласында басталып, 22 шілде күні эстафетаны Алматы қаласы, ал одан кейін еліміздің басқа өңірлерінде жалғасты.
Алматыда өтетін марафонға белгілі медиа тұлғалары мен спортшылар қатысады: олардың қатарында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров, әншілер Нұрлан Еспанов, Талғат Жорабаев, Абай Бегей, Серік Ибрагимов, Бейбіт Күшқалиев, Әсет Қарабалин, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова және танымал вайнер Серік Тілеулесовтер қатысты.