• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2020

Жағажайды жағалаған 200 адам жауапкершілікке тартылды

171 рет
көрсетілді

Солтүстікқазақстандық "жасотандықтар" және аймақтық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавл қаласының жағажайларда карантиндік шараларды сақтау бойынша қоғамдық рейд ұйымдастырды, - деп жазады Egemen.kz

Іс-шараға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және СҚО Полиция Департаментінің өкілдері қатысты. Қатысушылар Петропавл қаласының жағажайында болып, қалалықтарға суда болу және карантин шараларын сақтау ережелерін ескертті. «Соңғы аптада біз күн сайын қала тұрғындарымен кездесіп, оларға әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелерін түсіндірдік. Қазір барлық жағажайлар жабық, бірақ адамдар осында келеді. Біз оларға жағажайлар мен қоғамдық орындарға барудан бас тарту керек деп айтамыз», - деп атап өтті «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Облыста коронавирустық инфекцияны таратпауға бағытталған шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап жағажайларға барғаны үшін 201 тұрғын әкімшілік жазаға тартылды. Тағы 258 адам спирттік ішімдік ішкені үшін жазаға тартылды. «Біз адамдарға судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтау туралы үнемі айтып отырамыз. Карантин кезінде облыс жағажайларында 900 рейдтік іс-шара өткіздік, бүкіл өңір бойынша 900-ге жуық еріктіні тарттық. Біз адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы айтамыз. Негізінен бәрі түсіндіру жұмысымен аяқталады.», - деді ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Суға шомылу маусымы басталғалы 8 солтүстікқазақстандық ажал құшты. Олардың арасында 6 – суға шомылу кезінде, 1 адам – суға батушыны құтқару кезінде және 1 – балық аулау кезінде қаза тапты.

Солтүстік Қазақстан облысы