• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Шілде, 2020

Бразилияда вирус жұқтырғандардың саны 2,2 млн-нан асты

296 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте Бразилияда коронавирусты жұқтырудың 67 860 жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бразилияда пандемия басталғаннан бері вирус жұқтырғандардың саны өткен тәулікте рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Алдыңғы рекордтық өсім 19 шілдеде 54 771-інен коронавирустық инфекцияның диагнозы анықталған еді.

Жаңа жағдайлардың басым бөлігі Сан-Паулуда тіркелген. Бразилия АҚШ-тан кейін жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. Елдегі індет жұқтырғандардың саны 2,2 млн-нан асты. Қайтыс болғандардың жалпы саны 82 890 болса,  оның 1284-і соңғы бір тәулік ішінде көз жұмған.