• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Шілде, 2020

Мүгедек жандар пойыз билетіне 50% жеңілдік алады

1146 рет
көрсетілді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мүгедек жандар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Компания өкілдері жол жүру құжатын онлайн рәсімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның билет кассасынан "Мейірім" электронды дисконт картасын алуы және картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі қажет екенін айтып отыр. 

Айта кетейік, әзірге арнайы тіркеуден 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өткен. Ал негізі әр түрлі топтағы және жасына қарай шектеу жоқ. Тек тиісті құжаттарымен теміржол кассасына барса жеткілікті.