23 шілдеде республика бойынша коронавирус инфекциясының 76 799 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 48 202 науқас немесе науқастардың 63 пайызы емделіп шықты, - деп жазады Egemen.kz
"Сырқаттану тәулігіне 1600-1700 жағдай деңгейінде тұрақтанды. 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап екі аптада республикада коронавирустың 21 532 жағдайы тіркелді. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр", деді ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап шілде айында сырқаттану деңгейінің өспегені байқалады.