Бұл туралы "Қазгидромет" РМК директоры Данара Әлімбаева ОКҚ брифингінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Тамыз айында күннің ұзақтығы солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады. Сондықтан ауаның орташа айлық температурасы тамыз айында шілдеге қарағанда 2-2 жарым градусқа, ал оңтүстік облыстарда 1 гарусқа төмен болады. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа айлық температурасы 16-20 градус, оңтүстікке қарай 27-29 градусқа жетеді", - деді Д.Әлімбаева.