Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Ереже бұзған азамат Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқанын айтты.
"Әрине, менің әрекетім дұрыс болған. Кешірім сұраймын. Мен жаяу да жүре алатын едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде қатты шу шықты. Шынымды айтсам, мен 40 жастамын, өзім де мұндайды істеймін деп ойламадым", - деді жүргізуші.