Жеңіл атлетикадан Ұлыбританиядағы "Бриллиант лигасы" биыл өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Коронавирус пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар жарысты өткізбеуді дұрыс деп тапқан.
Айта кетерлігі, Ұлыбританиядағы дода жеңіл атлетика бойынша жарыс күнтізбесіндегі "Бриллиант лигасының" бесінші кезеңі болатын. Жоспар бойынша 12 қыркүйекте өтуі тиіс еді.