• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2020

Жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады

573 рет
көрсетілді

Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйым CОVID-19 қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Тамыз айынан бастап республикалық клиникалардан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қазір стационарлардағы төсек-орын саны 50 пайыздан төмен болса, енді тағы 50 пайыз бейінді және жоспарлы төсек-орын ашу жоспарлануда. Әрине, тиісті дезинфекциялық өңдеуден кейін."Министрлік халыққа жоспарлы, соның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша жоспар жобасын әзірледі. Бұл халыққа қызмет көрсетудің бейініне және COVID-19 қарсы күреске медициналық ұйымдардың қатысу дәрежесіне байланысты жүргізіледі", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.