• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2020

Қазақстандағы стационарларда дәрі-дәрмектің айлық қоры құрылды

236 рет
көрсетілді

Стационарларда COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры бар. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу процедуралары қатар жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Алдағы уақытта пациенттердің болжамды саны бойынша жыл соңына дейін барлық ауруханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибьютор қоймаларды толтырады.COVID-19 емдеу бойынша амбулаториялық деңгейде қосымша 5 түрлі дәрімен қамтамасыз етіледі. Бұл шамамен 1 млн адамды қамтиды, оларға 8,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек тегін береді.Айта кету керек, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖРВИ және ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған 45 мың адам 21 млн теңгеден астам сомаға тегін дәрі-дәрмек алды.