• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2010

КЕЛІСІМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ: САННАН – САПАҒА

1470 рет
көрсетілді

Еліміздің қорғаныс саласы жылдан-жылға күшейіп, әскер қатарының санына емес, сапасына аса мән беріліп келеді. Қорғаныс қабілетін арттыруға әскери құрама­ларға келісім-шартпен қызмет ететін азаматтар мен азаматшаларды тарту маңызды екені айқын. Үміткерлерді сапалы жинақтау үшін жауапты лауазымдық тұлға­лар­дың міндетін арттыру 2009 жылдың 22 маусымындағы №221 Қорғаныс министрінің “Сарбаздар мен сер­жант­тар құрамы келісім-шарт бой­ын­ша әскери қызметшілерінің әске­ри қызметке кіру және өткеру бөлі­гінде Қарулы Күштерде, басқа да әскер тектері мен әскери құралым­дарында әскери қызмет өткеру ере­желерін қолдану туралы нұсқау­лық­ты бекіту туралы” бұйрығында көр­сетілген. Қорғаныс министрі өзінің бұйрығында жергілікті әскери ұйым­дардың жауапты тұлғаларына және әскери бөлім командирлеріне осы жұ­мысты өткізу ережелерін көр­сеткен. Қазіргі таңда Қарулы Күштерде кәсіпқой әскерлерді құру үшін үлкен жұмыстар жүргізілуде. Келісім-шарт бойынша Қарулы Күштердің қата­рына 19 жастан асқан жас азаматтар қабылданады. Атырау облысы қорға­ныс істері жөніндегі департаменті келісім-шарт бойынша әскери қыз­мет­ке әскери қызметшілерді жинақ­тауда. Келісім-шарт бойынша әске­ри қызметке өткен жастарымызға әскери қызметші аталған соң көп жеңілдіктер бар: еңбекақысының жылма-жыл өсуі, 45 тәулік кезекті еңбек демалысы, білім деңгейін көтеремін дегендерге 50 пайыздық жеңілдік және 45 жастан бастап зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі. Әскери қызметке азаматтарды қабылдамас бұрын жергілікті және облыстық департаменттен дәрігерлік сараптамадан, психолог маманның алдынан өткізіледі. Сол мамандар­дың сынағынан сүрінбей өтсе ғана әскери қызметке қабылданады. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеуге ниет білдіретіндер саны өте көп. Қарулы Күштерге өз ісінің майталманы бола алатын, моральдық, психологиялық ұстамды және дене даярлығы мықты, әрі кәсіптік деңгейі жоғары азаматтар конкурстық іріктеуден кейін қабылданады. 2009-2010 жыл аралығында Қа­рулы Күштерге 81 адам бағытталды, оның ішінен 72-сі әскери қызметін өтеп жатыр.  Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі қалалық басқармасы мен аудандық бөлім­дерін­де әскери қызметке орналасу ба­ғыттары жөніндегі ақпараттар тақ­тасы орнатылған. А.КУКАТОВ, Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник.