• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2020

Қостанайда шағын бизнеспен айналысатын 36 нысанға айыппұл салынды

311 рет
көрсетілді

Айыппұл арқалағандар қатарында суда дүкендері, қоғамдық тамақтану орындары, тойханалар мен компьютерлік клубтар бар, деп жазады Egemen.kz

Өткен сенбі-жексенбі күндері аймақта карантин талаптарының сақталуын қадағалауға 91 мониторингтік топ шығып, 395 нысанды тексерді. Нәтижесінде шағын бизнеспен айналысатын 35 нысанның санитарлық-дезинфекциялық режімді бұзғаны анықталып отыр. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 1 млн 511 мың теңге болатын айыппұл салынды. Бұдан өзге 6 іс сот қарауында жатыр.

Атап айтқанда, Қостанай қаласында локдаун режімі кезінде 28 нысан тексеріліп, 6 тәртіп бұзушылық анықталды. Шектеу қойылғанына қарамастан жұмысын тоқтатпаған "Лотоклуб" компьютер клубына, "Сауле" және "Нур-Эль" дүкендеріне, "Технодом" сауда желісіне, "First" кафесі мен М.Дулатов көшесіндегі тойханаға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Рудный қаласында 11 нысанның локдаун талаптарын бұзғаны анықталды.

Кеншілер қаласындағы 6 дүкенде сатушылар маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсеткені үшін жалпы сомасы 333 мың теңге болатын 8 айыппұл салынды. Меңдіқара ауданындағы 8 нысан да нақ осындай сомада айып арқалады. Ал Федоров ауылында "Иволга КST-Трейд" ЖШС әкімшілік жауапқа тартылып, 208350 теңге айыппұл арқалады.