• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2020

Атырауда тұзды көлге баруға болмайды

2089 рет
көрсетілді

Индер аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 28 шілдеден бастап тұзды көл мен жасанды карьерлерге баруға болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалушылардың шамадан тыс жиналуына байланысты 28 шілдеден бастап Индер ауданының аумағындағы тұзды көлге және жасанды карьерлерге баруға уақытша тыйым салынады", деп хабарлады аудандық әкімдіктен.  

Өйткені қатаң  карантиндік режимге қарамастан  аталған аудандағы тұзды көлге және жасанды карьерлерге алыс-жақыннан демалуға келетіндер азаймай отыр.  

"Осы кезге дейін дудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келді. Бірақ, әлі де әр аймақтан келушілер көп. Енді карантин режимінің сақталуын аудандық полиция қызметкерлері қадағалайды. Карантин талабын елемей, тәртіпті бұзғандарға шара қолданылатын болады", деді Индер аудандық әкімдігінен.