Италияның Кампания аймағы клиенттерінен сақтық үшін тұмша талап етпегені үшін бизнеске 1000 еуро айып төлету туралы шешім шығарған. Бұл жайында италиялық "THE Local" жазады, деп хабарлайды Egemen.kz
Алғашқы болып Салерно қаласындағы шаштараз бен бардың иесі айып төледі. Тұмшаны Кампания аймағының әр азаматы барлық қоғамдық орындарда: супермаркеттер мен барларда, мейрамханалар мен дүкендерде, қысқасы барлық жабық ғимараттарда және қоғамдық көліктерде тастамай тағып жүруі тиіс. Егер жүргінші тұмшасыз болса көлікке отырғызбауға, ал егер ішке еніп, алып тастайтын болса түсіріп кету жайы жарлықта қарастырылған.
1000 еуро айыптан басқа бизнес 5 күннен 30 тәулікке дейін жабылып, жұмыс істеу құқынан да айрылмақ.
"Отандастарымыз мұндай тәртіпті сақтамаса, бірнеше аптадан соң қатаң төтенше жағдай енуіне қайтып келуіміз мүмкін", дейді Кампания губернаторы Винченцо Де Лука.