• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Шілде, 2020

Дәрі бағасын қымбаттатқандар арасында медицина қызметкерлері де бар

292 рет
көрсетілді

Елімізде полицейлер 20 күн бойы дәрі алыпсатарларына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, 604 дерек тіркеліпті. Жартысына жуығы медицина саласының қызметкерлері. Олар препараттарды әлеуметтік желі арқылы нарық бағасынан әлдеқайда қымбатқа сатып келген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының Жетісай қаласында базардан заңсыз дәріхана ашып алғандар  анықталды. Дәрілік заттардың 558 орамасы тәркіленді. Сондай-ақ өз үйінде көлеңкелі сауда жасаған  Арыс қаласының тұрғыны ұсталған. Батыс Қазақстанда да дәрігер өз баспанасында дәрі өткізген. Елордада бағаны көтерген 13 дәріхана белгілі болды.

Тәртіп сақшылары рейд кезінде миллионға жуық дәрі-дәрмек, 500 мыңдай маска және 36 мыңнан аса қорғаныс құралын тәркіледі. 

Мұндай дерек Алматыда да тіркелді. Тұрғынды тексеру барысында 100 тонна жасанды дәрілік зат табылған.

Бұған байланысты Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед бас прокурорға хат жолдап, фармацевтикалық қоймалар мен дәріханаларды тексеруді ұсынды. Сондай-ақ, жасанды дәрілік препараттарды даярлауға қатысты жазаны қатайту қажет деп санайтынын жеткізді.