• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2020

Қазақстандықтар Дубайға келерде коронавирус сынамасын екі рет тапсырады

271 рет
көрсетілді

Дубайға саяхаттағысы келетін қазақстандықтардың коронавирустық диагнозға қатысты теріс сертификаты болуы және әуежайға келгеннен кейін мұрын жағындысын тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған сақтық шаралары 29 елдің туристері үшін міндетті ереже болып саналады және  1 тамыздан бастап күшіне енеді. Осыған орай, туристер екі рет тестілеуден өтуі қажет: біреуі – қонғанға дейін, екіншісі – келгеннен кейін. Бұл сақтық шаралары коронавирус індетіне шалдыққандарға тікелей қатысы бар.

Қазақстаннан басқа, шетелдік азаматтар осы қосарланған тестілеуден өтуге тиіс. Сол елдердің тізімінде: Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Джибути, Египет, Эритрея, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан Республикасы, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сербия, Сомали, ОАР, Шри-Ланка, Судан, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Дубай тұрғындары 23 маусымнан бастап, шетелге саяхаттауға рұқсат етілген. Ал шетелдік туристер тек 7 шілдеден бастап Дубайға бара алады.