Тамыз айынан бастап қазақстандықтар Грузия мен Тайландқа ұшып бара алады. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Өздеріңіз білетіндей, 4 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық қатынас ашылған болатын. 20 маусым мен 4 шілде аралығында 622 қазақстандық турист туркомпаниялардың қызметін пайдаланып, Түркияда демалуға мүмкіндік алды. Осылайша, туркомпаниялар туристер алдындағы өз міндеттерін бастады. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға рейстер тоқтатылды. Алайда соңғы күндері эпидахуалдың жақсарып келе жатқанына байланысты бірқатар елмен халықаралық рейстерді қалыпқа келтіру жөнінде мәселелер қарастырылуда. Оның ішінде тамыз айында Тайланд пен Грузияға рейстерді ашу жоспарлануда", - деді Дастан Рыспеков