• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Саяжайда тазалық сақтамаған 600 петропавлдық жауапқа тартылды

311 рет
көрсетілді

Жұрт саяжайға таза ауа жұтып, дене еңбегімен айналысып, бойын жазуға барса, біреулер қоқыс шашып, маңайды былықтыруға барады екен. Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау туралы келіп түскен шағымдар бойынша учаскелік полиция инспекторлары "Заречный" кентінде орналасқан саяжай алабына барып, рейд өткізген еді, - деп жазады Egemen.kz.

Рейд барысында полицейлердің көзінше аялдама маңында қоқыс төккен 1963 жылы туған саяжайшыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Полицейлер саяжайшылар арасында бірауыздылықтың жоқ екендігіне де көз жеткізді. Біреулері қоқыс салатын бактардың жоғын сылтау етсе, басқа біреулері жауапкершілікті көрші саяжайшылар қоғамына аудара салғысы келеді. Үшіншілері бұл мәселені өздері емес, басқа біреудің шешуін күтуде. "Әр саяжай қоғамы кез келген коммуналдық кәсіпорынмен қоқыс шығаруға шарт жасап, қоқыс салатын бактарды орналастыруы қажет. Бұл жазаға тартылу қаупінен құтылып, саяжай алаптарында тәртіпті сақтауға септігін тигізеді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алдағы уақытта да саяжай қоғамдастықтары аумағында тәртіптің сақталуын қадағалайтын болады", - дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов.

Осыған ұқсас мәселелер "Солнечный" және "Борки" кенттерінде де байқалуда.Жыл басынан бері Петропавл аумағында тазалық сақтамағаны үшін салынатын айыппұл 641 рет қолданылған. Полицейлер осындай бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмысты тұрақты жүргізуді жалғастыратын болады.