• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Күрес 29 Шілде, 2020

Халықаралық жарыстарға қатысады

259 рет
көрсетілді

Әйелдер күресінен Қазақстан құрама­сының бас бапкері Нұрлан Аманқосов әлемдегі ахуал жақсарса, күз айларын­да бірнеше жарысқа қатысуды жос­парлап отырғандарын айтты.

Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, қыркүйек, қазан айларында ТМД көлемінде өтетін бірқатар жарыстар бар. Мәселен, Беларусь елінде ересектер арасында Александр Медведь атындағы халықаралық сын өтеді. Одан бөлек, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында да түрлі турнирлер бар. Әзірге бұл жарыстардың барлығы жоспарда тұр.

«Егер елдегі және әлемдегі індеттің беті бері қараса, барлық додаға қатысамыз деген ойдамыз. Ал карантин кезінде спортшылар өз үйінде жаттығуда. Әркім өз бетінше жаттықса да, кілемдегі, оқу-жаттығу жиынындағы дайын­дыққа ештеңе жетпейді. Тезірек жағдай­дың жақсарғанын күтеміз», дейді бас бапкер.