Ресейдің «Чемпионат» басылымы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін командаларда қанша легионер бар екенін анықтап, олардың рейтингін жасап шықты.
ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында бақ сынайтын елорданың «Барыс» командасы рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасқан. Қазіргі жағдай бойынша «Барыс» құрамында жеті легионер бар. Атап айтар болсақ, қақпашы Ортио, қорғаушылар Блэкер, Сведберг, және шабуылшылар Виделль, Волк, Лилья, Фрэттин.
Сондай-ақ «Чемпионат» басылымы елорда командасынан маусымаралық үзілісте бірқатар легионерлердің клубтан кеткенін және «Барыс» үнемі ең үздік деген легионерлерді таңдайтынын атап өткен. «2019 – 2020 жылғы маусымнан кейін командадан Паскуале, Охтаама, Найт секілді хоккейшілер кетті. «Барысты» екі жыл жоғары орындарға сүйреген бас бапкері Скабелканы да ерекше атап өтуге болады. Бірақ «Барыс» алдағы маусымда шау тартқан және ойын тәжірибесі жоқ легионерлермен ұзаққа бара ала ма?», делінген хабарламада.
Ресейлік басылым шау тартқан және ойын тәжірибесі жоқ ойыншылар деп швециялық шабуылшы Линус Виделль мен өткен маусымда АҚШ хоккей лигасында көзге түспеген қақпашы Якоб Лильяны айтып отыр.