• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Шілде, 2020

Елорда емханалары жоспарлы емдеуге қайта кірісіп жатыр

121 рет
көрсетілді

Ауру жұқтырғандар саны артқанда COVID-19-бен күреске пайдаланылған емдеу мекемелерінің әзірге үшеуі іске қосылды. Алдағы екі аптада барлық медициналық ұйымдар кезең-кезеңімен толық жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпы, қалада эпидахуал жақсарып келеді. Әсіресе, соңғы аптадағы көрсеткіш тәуір. Ауруханаларға коронавируспен түскен науқастар 2 есеге азайып, емделіп шыққандар саны 70 пайызға жуықтады. Ал пневмониямен түскендер 45% пайызға кеміген. 

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов те: "Ауыр халдегі науқастар саны 34%-ке азайды, яғни 199-дан 132 адамға дейін. Президенттің тапсырмасына сәйкес, қабылданған бірқатар шаралар нәтижесінде карантин енгізілген сәттен бастап КВИ бойынша жағдайдың нақты тұрақтануы байқалады", - деген еді. 

Десе де, бұл қауіп жоқ деген сөз емес. Сондықтан, тиісті шаралар әлі де қолданыла береді. Мәселен, науқастарды компьютерлік томография арқылы тексеру тәулік бойы жүріп жатыр. Ауруханаларда қосымша орындар дайындалып, оттегі концентраттары мен компьютерлік томографтар сатып алынды. Жақын арада олардың саны тағы да көбейеді.