Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Ауру көбінесе жеңіл және орташа жағдайда өткенімен аурудың жеңіл өтіп, күрделі жағдай болып кетпеуі үшін ағзаны медикаментозбен қолдап отыру керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сапа мен медициналық қызмет бойынша біріккен комиссиясы КВИ-ды диагностикалау мен емдеу хаттамасына ауруды амбулаториялық деңгейде өткеретін пациенттер үшін 5 препарат енгізді. Бұл қабынуға қарсы препараттар – Парацетамол мен Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан мен Дабигатран секілді антикоагулянттар", деді Л. Бюрабекова.
Азаматтар амбулаториялық деңгейде бұл препаратты тегін алуы үшін бірқатар нормативті құжатқа өзгерістер енгізілген. Аталмыш препараттар амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне, (ҚР ДСМ №666 бұйрығы), Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттардың тізіміне кірген.
"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан емдеу үшін түпнұсқадағы Байер (Ривароксабан) компаниясының Ксарелто, Пфайзер (Апиксабан) компаниясының Эликвис, Берингер Ингельхайм (Дабигатран) компаниясының Прадакс антикоагулянтын сатып алу бойынша өндірушімен келіссөздер жүргізілуде", деп жазды.