Йеменнің орталық үкіметі мен Оңтүстік Йеменнің Өтпелі кеңесінің сепаратистері шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Себебі Аден қаласында сепаратистік күштер арасындағы қақтығысты шешу жөнінде және Сауд Арабиясының 30 күн ішінде сепаратистік кандидатуралармен Йеменнің жаңа үкіметін құру туралы шұғыл бастамасына келісім берді.
2019 жылғы 5 қарашадағы Эр-Рияд келісімін жедел орындау барысында Йемен үкіметі мен Оңтүстік Йеменнің Өтпелі кеңесі арасындағы келісім басты негізге алынды. Өтпелі кеңестің шешімімен ағымдағы жылдың 22 маусымында бастау алған атысты тоқтату, автономиядан бас тарту, губернатор мен Аденнің қауіпсіздік басшысын тағайындау және Йеменнің премьер-министріне 30 күн ішінде жаңа үкімет құруға өкілеттік беру туралы мәлімдеме жасалды.
Күн тәрбінде Аден әскерлерін провинциядан тыс жерлерге шығаруды, сондай-ақ Абьян провинциясындағы екі жақ күштерін бөлуді және оларды бұрынғы позицияларына қайтару туралы ұсыныстар қолға алынды.
Осы орайда Сауд Арабия Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, екі тарап осы бастаманы орындауға келіскенін және Эр-Рияд келісімін іске асыру бойынша алдағы жұмыстарды орындауда сақадай сай екенін атап өтті.