• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 29 Шілде, 2020

Мәжіліс депутаттары шалғайдағы елді мекендерде ауруханалардың жай-күйін бақылады

248 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарының тұрғындарымен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету үшін кездесулерін жалғастыруда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Депутаттар қоғамдық бақылау аясында дәріханаларға барды. Онда дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткілікті болуын бақылады. Сондай-ақ, дәрігерлердің жұмыс жағдайлары мен емделушілерге ерекше назар аударды.

Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сергей Зволский Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданы, Келлер ауылындағы провизорлық стационарға барды. Мәжілісмен медицина қызметкерлерінің жұмыстарымен, онда ем қабылдап жатқан адамдардың, оның ішінде жақын маңдағы аудандардан келген емделушілердің жағдайымен танысты. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде ауруханада 43 науқас ем қабылдап жатса, 99 адам сауығып шыққан.

Провизорлық стационар ұжымымен әңгімелескен депутат орталықтың дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті түрде қамтамасыз ететіндігіне көз жеткізді. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Кеңес Абсатиров Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев атындағы ауданға, сондай-ақ, Мамлют және Жамбыл аудандарында барды. Ол облыстық ауруханалардың медициналық қызметкерлерімен кездесіп, проблемалық мәселелерді талқылады.

К.Абсатиров "Ақ жол" партиясының атынан облыстық ауруханаларға пульсоксиметрлер және жеке қорғаныш құралдарын сыйға тартты. Жұмыс сапарының соңында депутаттар дәрігерлер мен медбикелерге олардың жұмысына қолдау білдіріп, аймақта коронавирустық індетке қатысты жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін атап өтті.