• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2020

Аудан орталығында стритбол алаңы салынып жатыр

210 рет
көрсетілді

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі "Жастар саябағы" аумағында тренажерлық және стритбол алаңының құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл нысандар құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. 

Мердігер мекеме "Қармақшы құрылыс" ЖШС спорт алаңын тегістеп, асфальт төседі.Тапсырыс берілген қажетті спорттық жабдықтар қазір толық жеткізілді.  Ересектер мен балаларға арналған тренажерлық - стритболдық алаңдар кент тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.