Нұр-Сұлтандағы Жетісу саябағында осындай ерекше арт-нысан жасалды. Оған 4000 нан астам полиэтилен пакет қолданылды, Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Инсталляция белгілі суретші Сәуле Сүлейменованың туындысы. Бұл дүниені жасау үшін еріктілер 1 шілдеден бастап, қаланың үш паркінде пакеттерді жинау акциясын өткізген. Нәтижесінде 4000 нан астам полиэтилен қапшық жиналған.
Автор бұл туындысы арқылы экологиялық мәселелерге көңіл аударғысы келеді. Яғни, тұрғындар пластик заттар мен пакеттерден неғұрлым бас тартса деген ниеті бар. Арты нысан мұнда қыркүйек айына дейін тұрады.