• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Шілде, 2020

Елімізде 800 шақырым сумен жабдықтау желісі жаңғыртылады

144 рет
көрсетілді

"Жыл соңына дейін 1,2 млн қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда", дейді Р.Дәленов. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, тұрғындарды сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету үшін инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда.

"Ағымдағы жылғы алты айда 800 шақырым сумен жабдықтау мен су тарту желісі жөнделеді. Бұдан басқа, өңірді газдандыру үшін 13,7 млрд теңгелік 21 жоба іске асырылады", - деді ол.

Жалпы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ағымдағы жыл соңына дейін жұмыс орнын құру бойынша 1,2 млн азамат қамтылады.

"Бұдан басқа, 2 млн жұмыс орнын және тұрақты еңбекақы төлеуді сақтау үшін әкімдердің, жұмыс берушілердің және кәсіподақтардың арасында 140 мың меморандум жасалды. 1,1 млн адам жұмыс істейтін 1 мың ірі кәсіпорыннан еңбек ресурсының ауыстырылуын басқару жөніндегі жол карталары бекітілді", - дейді Экономика министрі.